Өлең, жыр, ақындар

Кешіктің...

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 379
Сен енді келеді деп күтпе мені,
Күтудің тимес жанға түк көмегі.
Бір кезгі шимай-шиыр іздерімді
Көрсетпей күміс түстес шық көмеді...
Жолымды, іздерімді шық көмеді,
Көгімде бұлт жүз аунап, бүктеледі.
Бір кезгі сені көріп, алабұртқан
Көңілдің осыменен бітті өлеңі...
Кетерсің көз алдымды тұманға орап,
Тұманнан күн шығардай тұрам қарап.
Тілекке тіл қатпайсың, көк аспанға
Құс қайтіп көтерілер сыңар қанат?..
Жанады кеудемде бір жалқы жүрек
(Ешкімге жылуы жоқ, жарқылы көп).
Торғайдай қыстап қалған бүрісемін,
Тигенде сезіміңнің салқыны кеп.
Кешіктің, келеді деп күтпе мені,
Жастықтың жалын атқан бітті өлеңі.
Сайраған арадағы іздерімді
Көрсетпей күміс түстес шық көмеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кім келіп, кім кетпеген өмірге бұл

  • 0
  • 0

Кім келіп, кім кетпеген өмірге бұл,
Өмірде кір шалмасын көңіл көгін.
Кептіріп гүлге тамған көз жасымды,
Алдымнан ессін жібек коңыр желім.

Толық

Тыныштық – тынысым

  • 0
  • 0

Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.

Толық

Алматының оттары

  • 0
  • 0

Алматы әсем әуен, жыр елісің,
Елімнің өмір сүрген тілегі үшін.
Алмасы күн көзіндей алаулаған,
Сен бүгін Алатаудың жүрегісің.

Толық

Қарап көріңіз