Өлең, жыр, ақындар

Аяғы сынған көгершінге қарап...

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 321
Көрмегенге әрі ертегі, әрі аңыз,
Көк көгершін тағдырыңды аядым.
Бір көшемен қатар ақсап барамыз,
Мен сияқты... сенің де оң аяғың...
Сұрамаймын, сен де менен сұрама,
Мазаласын ой көңілге келіп көп.
Ақсап бара жатқан жоқпыз сірә да,
Бірімізге біріміз жай еліктеп.
Сүйегендей сеніменен мені үміт,
Жарық дүние арман отын жағардай.
Ойда жоқта өз тобыңнан бөлініп,
Қалдың жалғыз қанатыңды қаға алмай.
Көгершінім, қимай ұзап барамын,
Емін тапсам, сендегі бар жараның.
«Не болған», - деп аяғыңа қарадым,
Не болған, - деп аяғыма қарадың...
Тіршілікті тербегендей ояу үн,
Бәз - баяғы жоғалтпай өз бояуын.
Көгершінім, аяп саған қарадым,
Ақсатқандай арман күнім аяғын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүл тәрізді өмірім ерте солар, ерте өніп

  • 0
  • 0

Гүл тәрізді өмірім ерте солар, ерте өніп,
Кеудеңдегі бір жүрек суып, бірде өртеніп.
Қайда қалды япыр-ау, бір кездегі ұяңдық,
Қайда қалды ғашықтың алдындағы еркелік.

Толық

Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп

  • 0
  • 0

Сүйдім, рас... сүй деген соң өтініп,
Өтінішің болды бірақ өтірік.
Жан-жүрегім күйіп-жанып күл болды,
Күл үстінде көп жыладым өкініп.

Толық

Басы айналып құлайды бақыттан кім

  • 0
  • 0

Басы айналып құлайды бақыттан кім,
Арманы бар әрбір кеш, ақық таңның.
Кәріліктің ізі емес, беттегі әжім,
Жолы болар өткен көп уақыттардың.

Толық

Қарап көріңіз