Өлең, жыр, ақындар

Бала алдында көрінеміз баладай

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 400
Бала алдында көрінеміз баладай,
(Үлкеннің бәрі бола да бермес, дана Абай).
Ашықтырмай мәңгілік жатқан асырап,
Жер деген ұлы жаны бар ортақ анадай.
Біз баламыз...
тірліктің тартқан бал, уын,
Ауырып қалып, таппаған дерттің дәруын.
Түршіктіріп, сілкінттік, қанша шошытып,
Сол анаға өзіміз жасап шабуыл.
Біз баламыз!..
басынан кетпес балғын шақ,
Уақыттың жүгін мойынға қойған тағдыр сап.
Қорқамын іштей, тартам ба деп зауалын,
Табиғатқа тыныш жатқан қол жұмсап.
Біз баламыз,
бесікте жатқан оянбай,
Мейіріммен уызға татқан тоя алмай,
Жер - ананың араша сұрап шыңғырған –
Жан айқайы жетпеді жанға, ой алла - ай!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған

  • 0
  • 0

Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған,
Өмірімнің жүрегі онсыз соқпаған.
Сырты көктем, ішіне қыс орнатып,
Адам атын жамылғаннан сақтанам.

Толық

Адасып, жалғызсырап келсең кейін

  • 0
  • 0

Адасып, жалғызсырап келсең кейін,
Бейкүнә жүрекке бір жол сермейін.
Еркіңде, кетсең-дағы екі бөліп,
Жалт еткен қынаптағы семсердейін.

Толық

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым

  • 0
  • 0

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым,
Сүю жайлы тек іштей қиялдадым.
Қолды бір-ақ сілтер ем, бірақ, бірақ
Мен басқаның көз жасын қия алмадым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар