Өлең, жыр, ақындар

Қандай сыр шерттің маған түсінбедім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 241
Қандай сыр шерттің маған түсінбедім,
Таниды сұлулықтың құсын көңіл.
Күй өріп батар күннің шапағымен
Шапақпен бір мүсінді мүсіндедің.
Домбыра бір мен үшін кеудең мынау,
Кеудеңмен жан-жүректі тербедің-ау.
Арман ой қиялыңмен қашап тұрып,
Соғасың үннен мүсін зергерім-ау.
Жұлдыздай жанарымнан жанады үміт,
Саусағың жан-сезімді қағады іліп.
Дәрменсіз тұтқын болып күй кешемін,
Шертсең сен, дала күйін балаң жігіт.
Күй емес, арамызды бөледі уақыт,
Кешікті уақыт күтіп, неге бақыт?
Шапағын шашыратып күнім батса,
Енді-енді сенің таңың келеді атып.
Біткендей бойыма бір басқа шабыт,
Шабытты шамырқандым тасқа шағып.
Шапақты батқан күннің бояуымен
Кеттің-ау жас дәуренді еске салып.
Жүргенде әсемдікке шөлдеуменен,
Бір сурет көргендеймін ел көрмеген.
Өмірді үн-дыбыспен мүсіндеген
Өзіңді ұқсатамын зергерге мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Он төртім бе, он бесім бе, беймәлім

  • 0
  • 0

Он төртім бе, он бесім бе, беймәлім,
Сүю жайлы алғашқы рет ойладым.
Өте шықса құрбы бала ысқырып,
Жүгіруші ек қарсы алдына айнаның.

Толық

Сыйлар... мейлі сыйламас

  • 0
  • 0

Сыйлар... мейлі сыйламас,
Біліп... мүмкін білмейді.
Деген, бабам, «Жиде ағаш -
Өз жерінде гүлдейді»...

Толық

Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің

  • 0
  • 0

Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің,
Менің үміт жұлдызымды жандырады үрлеп кім?
Өмір бар да, тазалық жоқ қой, жанымның –
Көйлегі болған, тәнімді қанша кірлеттім...

Толық

Қарап көріңіз