Өлең, жыр, ақындар

Қайта оралған қазан

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 439
Алыс-жақын, аңдап, бағып аңысын,
Ата жауға қолдан бермей намысын.
Әке менің түзде жортып, түн қатқан,
Қара бала, қара қазан қамы үшін.
Кең даласы, кен-дариясы тасыған,
Аспанынан сорғалаған асыл ән.
Қасіретті қандай тағдыр өтпеді,
Қазаны жоқ қазағымның басынан?
Жерге көмген кіндіктерін кек кескен,
Өтті өмірі қан менен тер, от кешкен.
Алдында әппақ наны тұрып аш қалды-ау,
Өз қолы өз аузына жетпестен.
Қазаны жоқ далам тауып ажалын,
Құлағыма жетті менің азалы үн.
Қайран бабам, қаза бопты-ау қападан,
Батыстың дәу толтыра аламай қазанын.
Ата мұра алдырып құт қазанын,
Қалай ғұмыр кешті момын қазағым?.
Өшіп қалған отын жағып бабамның,
Сағыныштың маздатып тұр мазарын.
Талас тартыс, әлі талай болар сын,
Жеңісімді құттықтап дос қол алсын.
Қазанымен қазағымның басына
Қашып кеткен құт-береке оралсын.
Ұшқан құсым, қайта айналып соғады,
Жасыл айдын, жағасына қоғалы.
Жаратушым несібемнен кенде етпес,
Болсын таңғы қазан аузы жоғары.
Өзгермейтін, өтсе де не замандар,
Жиылмайтын дастарқанды далам бар.
Ашық жатқан асын ішіп болған соң,
Қазанымды сұрамаңдар адамдар.
Шежіре – жер,
тартып жатыр аза-мұң,
Көзі көріп тозағы мен азабын.
Қандай қиын кезеңде де қазағым,
Жоғалтпаған, домбырасын, қазанын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Темір қақпа

  • 0
  • 0

Темір қақпа,
Темір жүрек, темір гүл,
Тоты құсқа айналғандай не бұлбұл.
Бұлбұлдан ән, гүлден иіс таба алмай,

Толық

Күзгі сыр

  • 0
  • 0

Көңіл тұман...
арасына ай батқан,
Тірі жан жоқ. Тіл қататын аймақтан.
Тереземе құлап түсті қураған,

Толық

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты

  • 0
  • 0

Әйел көңілі, айт, қашан шағылыпты,
Әлдилеумен бар арман, бар үмітті.
Келген жәйлап, білдірмей, уақытпенен,
Мойындамай жүреді ол кәрілікті.

Толық

Қарап көріңіз