Өлең, жыр, ақындар

Жылатып өмір жұбатар

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 452
Жылатып өмір жұбатар,
Келіс, мейлің, келіспе.
Тірінің бәрі күнәһар,
Өлгеннің бәрі періште...
У- шуына базардың,
Барады бәрі асығып.
Жібіне бір күн ажалдың,
Қаларын білмей асылып.
Жүрек без бе, темір ме,
Мұнарға тұр батып тау.
Өлімі бар өмірге –
Келмеген жан бақытты-ау!
Бірі жанып, бірі өшкен,
Жұлдызды кім танымақ?
Тірілерге тірескен,
Араша түсші «аруақ»!
Дүниеде мына, тар,
Жету қиын жеңіске.
Көңілім кейде күнәһар,
Өлімім бейне періште...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы

  • 0
  • 0

Жолбарыстай мазам жоқ қамаудағы,
Кімнің күйіп, мен үшін жаны ауырады?
Бұлт астынан көрінген көк аспандай,
Күн тілеген көңілім жамау бәрі...

Толық

Өмірге мынау қайранбыз

  • 0
  • 0

Өмірге мынау қайранбыз,
Көктемде... келер құс тағы.
Тоңғандай дір-дір ай жалғыз,
Жапырақтай күміс қыстағы...

Толық

Күйген қолын ұсынбас енді бақыт

  • 0
  • 0

Күйген қолын ұсынбас енді бақыт,
Жылап қалдың, басқаны сен жылатып.
Қара көзің қараңғы, түпсіз құдық,
Сол құдыққа қанша жан өлді батып?..

Толық

Қарап көріңіз