Өлең, жыр, ақындар

Елегізу

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 286
Тереземде «мені үз» деп гүл тұр әні,
Тартынады, бір сезім ұмтылады.
Жолы болмай, күйген көп, әлдекімнен
Беті қайтқан жүрегім бұлқынады...
Жан-жүректе жаңғырар сөзі мәңгі,
Көздерімде сыр толы көзі қалды.
Үн шығармай ішімнен ыңылдаймын,
Жастық шақтың куәсі нәзік әнді...
Көз алдымда көздері тұрып алды ,
Айтылмаған сол көздің сыры барды.
Жетем деп бір жетпеген арман болып,
Жазылмаған жүректе жыры қалды.
Жандыра алмай үміттің сан шақпағын,
Тұйықталып, қызықтан алшақтадым.
Күңгірт тартқан көңілдің сарайына
Таң сәулесі созғандай саусақтарын.
Барады уақыт сарғайтып, жыр бағымды,
Баяулатып бас бермес ырғағымды.
Сезер ме екен, сүйгізбей, көп күйгізген –
Жастық дәурен жасқанып тұрғанымды.
Ақ айдынға ақ аспан үзген арай,
Ақ сәулесін кеш түссе қызғанады ай.
Өкінішпен жүрегім өткен күнді,
Көктем күнді жоқтаумен сыздағаны-ай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат күні

  • 0
  • 0

Бүгінгіге аңыз болар кешегі,
Өмір заңы, өшіп, біреу өседі.
Бір кездерде жер мен аспан арасы
Тас қараңғы болған екен деседі.

Толық

Кездескенде қыстың әлсіз қолымды

  • 0
  • 0

Кездескенде қыстың әлсіз қолымды,
Білгің келіп бәрін ішкі хал-жайдың.
Сенің мәңгі күтер едім жолыңды,
Бірақ мәңгі өмір сүре алмаймын...

Толық

Болады ертең тас та құм

  • 0
  • 0

Болады ертең тас та құм,
Болады ертең күн қандай?
Өмір дегенің қас-қағым,
Көзіңді ашып-жұмғандай...

Толық

Қарап көріңіз