Өлең, жыр, ақындар

Соңғы сөз

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 285
Айта алмай жүрген ойым бар,
Байқалмай жүрген «тойым» бар.
Қалғысам, ата-анамның,
Қасына мені қойыңдар.
Жалғасып кешке таңғы үміт,
Жұлдызын жырдың жандырып.
Әлдилеп Ақсу толқыны
Тербетіп ақсын мәңгілік.
Көк белден көктем бүлкілдеп,
Аспанның еміп бұлтын көп.
Үстіме өскен бәйшешек –
Сыбырлап тұрсын «бұл кім?» деп...
Басымда жансын шам, үміт,
Сарғайған гүлдей сағынып.
Қалғысам, туған жерімді –
Жатайын үнсіз жамылып.
Өткелден өттім мен қанша,
Таңданар, досым таңданса.
Жүрегім тыныш, тынықсын –
Оянып жырым алғанша.
Күнім бар, көрер айым бар,
Тағдырым нені дайындар.
Жарықтан, «бақи» - мекенге –
Қайта алмай жүрген жайым бар...
Айта алмай жүрген ойым бар...
«Жете алмай қалсам Ақсуға»,
Қазақ үй тігіп қойыңдар!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын

  • 0
  • 0

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын,
Ойлармен аунай берем, таусыламын.
Ұйқыға кетерімде сені ойладым,
Жаңбырдың естіп жатып тамшыларын...

Толық

Ескі досым, көрмесең көрме мені

  • 0
  • 0

Ескі досым, көрмесең көрме мені,
Көп нәрсеге бұл көңіл көнген еді.
Осып түсер бетіңе бір сөз айтсам,
Қыршаңқы аттай туларсың кермедегі.

Толық

Қайдасың, ыстық үміт, сазды әуенім

  • 0
  • 0

Қайдасың, ыстық үміт, сазды әуенім,
Жанымды тынып қалған қозға менің.
Алсаңшы тағы да бір сілкіп-қағып,
Десең бұл бұйықпасын аз ғана өмір.

Толық

Қарап көріңіз