Өлең, жыр, ақындар

Түспей жүр сол бір бейне көптен еске

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 272
Түспей жүр сол бір бейне көптен еске,
Шықпаппын көптен бері көк белеске.
Қалтылдап шыққан қыстан мынау ағаш,
Беймәлім, көктер ме, әлде, көктемес пе?
Көп болды, кездеспеппін отты елеспен,
Өмірдің ізі бар ма өткен, өшкен.
Маған да жастық болып, келсе көктем –
Мынау бір ақ қайыңмен көктемес пе ем?..
Бойдағы бар асылым ойға көшкен,
Қайда, сол құлын күнім, ойнап өскен?
Ұшып кеп баққа гүлді, «таң атқанда»,
Мынау бір бұбұлға ұқсап сайрамас па ем?
Көзімнен көкірегіме мұңым көшкен,
Уақыт өтіп жатыр білінбестен.
Жарысқан жол үстінде сәби күндей,
Ағаштар арасымен жүгірмес пе ем?
Кезегім келер қашан, құсым сайрап,
(Жүр бәлкім біреу маған тісін қайрап)
Аңсап бір ақ аспанын тазалықтың,
Тұрады сезімдермен ішім қайнап.
Мен қайдан туған жерсіз тамыр алам,
Көңілім елсіз бос үй қаңыраған.
Жетермін таудан құлап жағалауға –
Таласып, ақ толқындай жамыраған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

От салдың, ойда жоқта жолықтың да

  • 0
  • 0

От салдың, ойда жоқта жолықтың да,
Өзгердің, өзіңді-өзің көріп тұлға.
Көзіңнің қыл-тұзағын үзіп шықтым,
Қалудан тұтқын болып қорықтым да.

Толық

Темір қақпа

  • 0
  • 0

Темір қақпа,
Темір жүрек, темір гүл,
Тоты құсқа айналғандай не бұлбұл.
Бұлбұлдан ән, гүлден иіс таба алмай,

Толық

Бақытты бола алмаспын қарызға алып

  • 0
  • 0

Бақытты бола алмаспын қарызға алып,
(Бала едім, келе жатқан қауыз жарып)
«Кем болар не жазығым бар еді» деп,
Жылағам жұлдыздарға арызданып.

Толық

Қарап көріңіз