Өлең, жыр, ақындар

Жер бетін шықшы күнім бақылып бар

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 260
Жер бетін шықшы күнім бақылып бар,
(Қойнында атылмаған жатыр оқтар)
Аспаннан көптен бері тамшы күтіп,
Жайып тұр алақанын жапырақтар.
Гүлдерім күнге көзін баяу ашқан,
Тағдыр жел, тонар көркін аямастан.
Қапыда жастық шағы өтіп кетіп,
Аңсаған көктем айын әйел аспан.
Құс сайрап, көктегендей көктеп өңір,
Көйлегін шешкен шығар Көктөбе бір.
Көзіме көшкен бұлттай көлбеңдейді
Қайрылмай өткен күнге өткен өмір!
Қабатын дүниенің ақтарамыз,
Ақтарып, сор табамыз бақ табамыз.
Ішіне түскен құрттай табиғаттың –
Таласып жер алмасын жеп барамыз...
Ойламай табиғаттан өзге асылды,
Ойлаппын ұрпақты емес, өз басымды.
Шөлдеп бір қолын жайған жапырақтарға –
Жаңбыр ғып, құйсам ба екен, көз жасымды?..
Білгенге өмір деген байтақ алаң,
Бір-бірін көктем ғұмыр қайталаған.
Жарық күн қасиетті жер анадан,
Мен қалай алғанымды қайтара алам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орыс тілі

  • 0
  • 0

Табысып біртін-біртін жан-жүрегім,
Досыма айналдың сен мәңгі менің.
Кеңейтіп барасың сен күннен-күнге,
Көгілдір өмірімнің көкжиегін.

Толық

Албырт шақта қадірін сездім ненің

  • 0
  • 0

Албырт шақта қадірін сездім ненің,
Сөз білмедім, білгенді көзге ілмедім.
Өткізіппін басымнан ауыспалы
Табиғаттың қайталап мезгілдерін...

Толық

Жел еседі

  • 0
  • 0

Сайын белді сапырып жел еседі,
Өршеленіп, өрекпіп егеседі.
Аспаннан айдап келген қара бұлттай,
Шақырып бермейді екен неге сені?..

Толық

Қарап көріңіз