Өлең, жыр, ақындар

Домбыра шанақ жер деген

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Домбыра шанақ жер деген,
Өрлеген, сазды пернеден.
Биікке қонып бұлбұл құс,
Әнімен көңіл тербеген...
Бәйтерек орман айналам,
«Жақын қон» дейді ай маған.
Бұлбұлдың әні естілмес,
Төменде тұрып сайраған...
Таулардан құлар жайлап таң,
Күн шығар, кезде ай батқан.
Бәйтерек болып туған ел,
Басында бұлбұл сайратқан.
Тамырын жайған жерге емен,
Ұшпасын деп желге өлең.
Бұлбұлға тағдыр үн беріп,
Күрескер жүрек бермеген...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әудемжер

  • 0
  • 0

Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.

Толық

Өткен күнің есіңе түсе ме шын

  • 0
  • 0

Өткен күнің есіңе түсе ме шын,
Таныс емес, көзіме түс, елесің.
Қайда барсам, жарбиып қарсы алдымда,
Күшігендей ісініп, күшенесің.

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 0

О, қаншама жолдарды басып өттім,
Ізін көрдім іздерден қасіреттің.
Осынау бір өмірде мен өзіме
Бар адамды келеді ғашық еткім.

Толық

Қарап көріңіз