Өлең, жыр, ақындар

Тулама жүрек, қойшы енді

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 415
Тулама жүрек, қойшы енді,
Аңсама биік самғауды.
Май шамдай бықсып, ой сөнді,
Үмітім менің алданды.
Толмайды жырдың парағы,
Отырар жай жоқ, ой бағып.
Өмірім зулап барады,
Естелік, елеске айналып.
Серпе алмай күдік тұманын,
Бір жығылып, бір тұрам.
Шоқ, таба алмай, жыладым,
Жастықтың көшкен жұртынан.
Тағдырым салған салмаққа,
Майыспай, төздім, жақ ашпай.
Сыңсимын желмен, жан-жаққа,
Жапырағы ұшқан ағаштай.
Болжаймын, нені уайымдап,
Не берсең, құдай, бер тегін.
Қандай сыбаға дайындап,
Келесің тағы ертеңім?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мінезіңді құбылған пенде білмей

  • 0
  • 0

Мінезіңді құбылған пенде білмей,
Көңілің құм даланың шөлдеріндей.
Айтшы, жаным, көшеден көп ішінен
Күрсіндің бе, көзіңе мен көрінбей...

Толық

Сырласым боп, сиқырлы, сезім өлең

  • 0
  • 0

Сырласым боп, сиқырлы, сезім өлең,
Көкорайлы, көк белде көз ілер ем.
Өкінішсіз өмірді қайта бастап,
Ғашық болғым келеді, өзіңе Мен.

Толық

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды

  • 0
  • 0

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды,
Жібіте алмай, тамшыға таңдайыңды.
Маңдайыңды сипаған алақаным,
Сипап тұр ғой, енді тас маңдайыңды...

Толық

Қарап көріңіз