Өлең, жыр, ақындар

Қабағын өмір түйеді көп

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 234
Қабағын өмір түйеді көп,
Дегендей-ақ кім күшті екен.
Өсектейді ол, «сүйеді» деп,
Сүю, сонша қылмыс па екен?.
Жаным нәзік, тілегі көп,
Сезімге еріп, алдана ма?
«Жылап, неге күледі» деп,
Жазалайтын заң бола ма?.
Қаяу алмай ақ көңілге,
Қиялдаймын қия қонсаң.
Қас-қағымдай сәттеріңе,
Арманым не, ие болсам.
Сағынышым, сөніп қалма,
Арман солай, шөлдетеді.
Қосылмай-ақ жолыққанда,
Сүйсең солай, сол жетеді.
Көрген түстей ол да өтеді...
Мені өзгеге ұқсатпағын,
Өртемесін у ішімді.
Құдай кешсін, құшақтағын,
Қыннан суырып қылышыңды.
Аш, тарылған тынысымды.
Қоңыр тауға қоңыр күймен кім келді,
Келгеніме болар осы жыр белгі.
Саған деген қызыл өрттей сезімім,
Қызыл итпен бірге өлді.
Өлгендерге жүрмейді ешбір билігің,
Үнсіз бәрін жіберген соң жер теңеп.
Сол қызыл ит...
бұлғаңдатып құйрығын,
Енді алдымнан шыға қоймас еркелеп.
Ит жүрегін жырлады ғой сан ақын,
Күзет қойып күндіз демей, түн демей.
Сол итке ұқсап, үрмей қарсы алатын,
Нені айтайын, мен өзіңе үндемей?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескі досым, көрмесең көрме мені

  • 0
  • 0

Ескі досым, көрмесең көрме мені,
Көп нәрсеге бұл көңіл көнген еді.
Осып түсер бетіңе бір сөз айтсам,
Қыршаңқы аттай туларсың кермедегі.

Толық

Орыс тілі

  • 0
  • 0

Табысып біртін-біртін жан-жүрегім,
Досыма айналдың сен мәңгі менің.
Кеңейтіп барасың сен күннен-күнге,
Көгілдір өмірімнің көкжиегін.

Толық

Жеткенше өріне осы отыз бестің

  • 0
  • 0

Жеткенше өріне осы отыз бестің,
Алмасқан ыстық-суық не күн кештім.
Арманның жалғыз аяқ жолдарымен
Жолықсам саған, досым, өкінбеспін.

Толық

Қарап көріңіз