Өлең, жыр, ақындар

Жер ешкімді бөлместен тербеледі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 369
Жер ешкімді бөлместен тербеледі,
Бергенінен көп әлі, бермегені.
Айналамнан анталап, иті өмірдің,
Қуып тығып барады көрге мені...
Арбасады бір шындық, бір өтірік,
Бөлінгендер ішінен жүр өкініп.
Құдай мені сүйеді, құшағына ап,
Пенделердің бөлгенін біле тұрып...
Көрінгеннен қаймығып, именемін,
«Жапырақ-жүрек» өртенген, күйген ерін.
Үрген иттен, жарықтан алып қашқан,
Жер ананың жасырып сүйгені едім.
Шетке қағып шетінен қуалады,
Жеңісім деп, сол ісін қуанады.
Мені бірақ толғатып екінші рет,
Өлмейтін ғып жер анам туады әлі.
Сөз айтады, алдыңа келіп түрлі,
Көңіліңді көрместен елік құрлы.
Бөлетіндер, жер түгіл, саудаға сап,
Алатындай көктегі бөліп Күнді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айхай, арман, асау едің сен неткен

  • 0
  • 0

Айхай, арман, асау едің сен неткен,
Төзімсізді тастап қаштың ту алыс.
Байқамаймын уақытты тез өткен,
Алмасумен үміт, қайғы, қуаныш.

Толық

Сыйлық

  • 0
  • 0

Мынау өмір мәңгілік кімге көктем,
Өз әмірін жүргізер күндер өктем.
Досым, туған күніме гүл сыйладың,
Еске салып жастықты гүлдеп өткен.

Толық

«Күледі» деп...

  • 0
  • 0

Күледі деп, иілсін, бастар иілген,
Күледі деп, безбеймін киіз үйімнен.
Қазақ екенім, шын болса, неге ұялам,
Қазақша сөйлеп, өз шапанымды киюден.

Толық

Қарап көріңіз