Өлең, жыр, ақындар

Іштен шыққан...

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 229
(баллада)

Аңыз сыры
сәулесіндей түнгі айдың,
Баяғыда-а, деп бүгінді жырлаймын.
Күні түгіл күлі күндес таласқан
Екі әйелі болған екен бір байдың.
Дүние деген өте шығар бір демде,
Деп жүргенде мұрам қалар кімдерге?
Ойда жоқта жүкті бопты “тоқалы”,
Бір баланы сол бай аңсап жүргенде.
Ұмытылды, аңыз болды ол уақыт,
Бұл өмірде қатар жүрер сор, бақыт.
Толған кезде тоғыз аймен тоғыз күн
Тұңғышына жатыпты ана толғатып.
Пенде басты ақта, мейлің ақтама
Бәсекелік қалмас қандай шақта да.
Жүкті бопты, бәйбәшеде тоғыз ай,
Қызғаныштың мысығына қап-қара…
Үзілместен, өмір деген тұрды шық,
Бұлқынып бір тіршілікке тырмысып.
Тоқал-бүйірін бүлкілдетсе нәресте
Бәйбіше ішін тырнап кепті бір
мысық…
Тіршіліктен шығу қиын, тіршілік,
Тұла бойым, айтса, кетер түршігіп,
Жарым түнде жанталасып жатты
әйел
Ақыл-есі бір кіргендей, бір шығып.
Келеді, әне! күдікке үміт жалғап
күн,
Болмаса екен, көретұғын соңғы
ақ күн.
Өлімменен өмір күндес таласып
Қыл көпірдей тұрды үстінде толғақ-
тың.
Қасіретті аңыз. аңыратар тасты да,
(Адам деген адам емес, қасқыр, ә!)
Шарананы ұрлап алып, күндесі
Жас ананың жылан салды -
астына…
Толғақ өтті… шыбын жанын бөлшектеп,
Ойладыма, берейінші емшек деп,
Байғұс ана талқысып ес жиған соң,
Тіл қатыпты “нәрестемді көрсет”- деп.
Күдікпенен, көңілінде алаң көп,
Бүкіл дүние қарар ма екен, анаң боп.
Көрсетіпті күндес, шұбар жыланды ,
Әне, сенің туған тұңғыш балаң
деп.
Қандай зауал… болды ма, әлде
күнәм көп,
Ашық таңда айналасы тұман боп.
Анда санда, күбірлейді мейріммен
Іштен шыққан қара шұбар жылан
деп…
Толғатып тұр… аспан бөлек, жер
бөлек,
Іштен шыққан сенің балаң мен бе деп.
Керегеден жылан басын бұрыпты
Шаңырақтан шығу үшін өрмелеп.
Күндес өмір… осыменен тынарма,
Зұлымдықпен түсер дейсің кім алға.
Жас - ананың иіп төсі, қарапты
Іштен шыққан қара шұбар –
жыланға…
Уақыт басқа, жаңа өмір жаңа күн,
Оянды жан түкпірінен саналы үн.
“Балам ба” деп жыланға да, жылаған
Жүрегіне қайран қалам ананың!…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп

  • 0
  • 0

Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп,
Шертер ем ынтызарын жүректің көп.
Кеудеңнен аспан болсаң жауған нұрмен
Жатар ем қара жердей түлеп, гүлдеп.

Толық

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем

  • 0
  • 0

Білмеймін кімге жылап, кімге сенем,
Шоқ іздеп қолым күйді күл көсеген.
Мұнарды көңілімді мұң басқанда,
Сәуле ішкім келеді бір Күн кеседен...

Толық

Қайдасың, ыстық үміт, сазды әуенім

  • 0
  • 0

Қайдасың, ыстық үміт, сазды әуенім,
Жанымды тынып қалған қозға менің.
Алсаңшы тағы да бір сілкіп-қағып,
Десең бұл бұйықпасын аз ғана өмір.

Толық

Қарап көріңіз