Өлең, жыр, ақындар

Сағанда мен жақпадым

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 409
Сағанда мен жақпадым,
Оған да мен жақпадым.
“Сары белден сарғайып” –
Кеш боп атты ақ таңым...
Білмеймін, кімді іздедім,
Көлеңкелі күз, көңіл.
Толқынды толқын қуалап,
Өзеннен өшкен іздерім...
Қабағын күннің бақпадым,
/Бақаның қайтем, батпағын/
Өзгелер түгіл, өзгеріп –
Өзіме өзім жақпадым.
Өшірді басып сөнбедім,
Өзгеге, солай сенбедім.
Өз балаң да... өзгелер,
Өгейің жалғыз мен бе едім?
Жаратпа, мейлің жаратқан,
Атпас таңым тарап, түн.
Жағымсыз жанға от беріп,
Жаратқан ! неге жараттың?
Алдымда мүмкін, бар ақ Күн.
Шаршадым... дүние, “беу” деуден,
Аңсадым сүтті, шөлдеумен.
Бақытым ұшып келсеңші,
Кеңістік ашып кеудемнен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тыныштық – тынысым

  • 0
  • 0

Планета тынысы –
менің тынысым,
сенің тынысың.
Хабарсыз отырсам кетеді тынышым.

Толық

Махаббат күні

  • 0
  • 0

Бүгінгіге аңыз болар кешегі,
Өмір заңы, өшіп, біреу өседі.
Бір кездерде жер мен аспан арасы
Тас қараңғы болған екен деседі.

Толық

Адамзатпен адаммын бір туысқан

  • 0
  • 0

Адамзатпен адаммын бір туысқан,
Туысқанға болады күлкі дұшпан.
Қайран елім! Айыпсыз аққулардай,
Атылған оқ дауысынан үркіп, ұшқан...

Толық

Қарап көріңіз