Өлең, жыр, ақындар

Сәби-қар

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 233
Қар жауып тұр, қарашы, қар жауып тұр,
Ақ қанатты аспаннан ар жауып тұр.
Көкпен жердің арасы ақпандағы,
Тазалықпен тұрғандай жалғанып бір.
Жеткізе алмас бір сурет, тіл бейнелеп,
Алдымда аппақ жайылған тұр ғой кенеп.
Кіршігі жоқ ақ қарды арға ұқсаған,
Аяп тұрмын, басуға кірлей ме деп...
Қар жауып тұр, ақ қанат қар жауып тұр,
Қар көрмеген немерем таңданып тұр.
“Қар астында қалған із не болар” деп,
Көңілімде үрейлі бар қауіп бір.
Мекенге осы, ауып тұр мекенінен,
Үлпілдеген сезімнің жетегімен.
Пәктігі ме білмеймін сәби қардың –
Бір ұқсастық көремін екеуінен.
Осы ойлар, басыма келді адасып,
Кірлетеді-ау, тағы да пенде, басып/
Ары екен ғой адамның көкке ғашық,
Қары екен ғой даламның жерге ғашық.
Айналамды алғандай арман орап,
Қалықтайды біткендей арға қанат.
Қардай аппақ немерем «не берер» -деп,
Алақанын жаяды қарға қарап...
Ақ тон киіп, майысқан тұр шыбық, тал,
Жылтылдайды сырғадай, күн шығып, қар.
Жолдарындай жалғасқан жер бетінің,
Аспанда да өмір бар, тіршілік бар...
Реттеуде аспаннан, Дариға, күн,
Жүректегі егізі, ар-иманның.
Көктен жауған, құдай-ау! қалай, қайтсем –
Тазалығын сақтаймын сәби, қардың?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңғыру

  • 0
  • 0

Кешегіден өзгеше жарығырақ бұл ақ таң,
Кешегіден өзгеше үн шығады бұлақтан.
Шуылдайды балапан жапырақтарға жан бітіп,
Бәйтерекке айналып тұр жағада құрақ-тал.

Толық

O, неткен әдемі сөз әйел деген

  • 0
  • 0

O, неткен әдемі сөз әйел деген,
Секілді ақын жазған аяулы өлең.
Жылынып нәзік сезім жылуына,
Қалғымай жол үстінде ояу келем.

Толық

Жақсылықты, жаман-ау, күту, арып

  • 0
  • 0

Жақсылықты, жаман-ау, күту, арып,
Жан-жүйкеңді уақыт түтіп, анық.
Менің көзім түк көрмес, жер секілді,
Бәрін-бәрін жатса да жұтып алып.

Толық

Қарап көріңіз