Өлең, жыр, ақындар

Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 209
Әлдилеп тыныштықты сыр тыңда, аспан.
Көңілдің айықтырып бұлтын басқан.
Кеудемде сайрағандай шыр-шыр етіп,
Даланың бозторғайы бір тынбастан.
Жеткізбес желге мініп өмір қусаң,
Қыры бар құпиялы көңілдің сан.
Жазықта шаңқай түскі шайқалып тұр,
Қайталап ырғағымды қоңыр жусан.
Жуғандай сол дауыспен көзімді шық,
Бұлқынып, аласұрам, төзім қысып.
Арман не, аспаныма сіңіп кетсем,
Алқызыл арман құшып, сезім құшып.
Басынан кеткендей-ақ бір күн өтіп,
Кішкентай көмейінен жыр дүр етіп.
Сайрайды бозторғайым шаңқай түсте,
Ауада қанаттары дір-дір етіп.
Төменге тігіп қойып көз жанарын,
Арқау боп әуеніне азғана мұң.
Кеудеме кіріп алып ән салғандай,
Титімдей бозторғайы боз даланың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын

  • 0
  • 0

Жүзіме ойнатып ақ таң шуағын,
Ойлармен аунай берем, таусыламын.
Ұйқыға кетерімде сені ойладым,
Жаңбырдың естіп жатып тамшыларын...

Толық

Бір көргеннен мен неге сүйіп қалам

  • 0
  • 0

Бір көргеннен мен неге сүйіп қалам,
Көңіл көзін оятып ұйықтаған.
Жанып жатсам, өртіне өкініштің,
Жарығынан бермейді ол қиып маған.

Толық

Қазақ әні

  • 0
  • 0

Дариға-ай, дәрия ғой қазақ әні,
Әншіге айта алмаған жаза дағы.
Өткеннің әні дала,
Сол даланың

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар