Өлең, жыр, ақындар

Ұмытсаң да...

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 288
Ұмытсаң да...
мен сені ұмытпадым,
Сезімнің сетінетпедім суыртпағын.
Төгіліп ақ жібектей, көкжиектен
Үлбіреп атты қанша үміт таңым.
Ол рас,
жастықпенен егіз көктем.
Көгілдір табысқандай теңіз көкпен.
Басқаға, қысыламын, жори ма деп,
Жолығайын десем бір сені іздеп мен...
Төсінен шығатұғын күні талмай,
Алыстан көрінесің ұлы таудай.
Басқа барлық дүниені ұмытсам да,
Жүрмін сені, әйтеуір, ұмыта алмай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған жұмбақ жылағаным, күлгенім

  • 0
  • 0

Саған жұмбақ жылағаным, күлгенім,
Саған жұмбақ түндерім мен күндерім.
Көк аспанға келеді әлі көтеріп,
Ерік бермей ешкімге де бұл көңіл.

Толық

Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп

  • 0
  • 0

Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп,
Тағат таусып, табанымнан сыз өтіп.
Түнгі көктен түні бойы бір жұлдыз
Жанатындай тереземді күзетіп...

Толық

Көрінеді әрбір жұлдыз бір жұмбақ

  • 0
  • 0

Көрінеді әрбір жұлдыз бір жұмбақ,
Көзді тартқан ойыншықтай сыңғырлап.
Ақын сәби, сұлулықтың алдында
Өлеңменен тілі шыққан былдырлап.

Толық

Қарап көріңіз