Өлең, жыр, ақындар

Қапшағай теңізі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 469
Сәлем бердім, туған жер, әр күні арман,
Сәлем бердім, баба жұрт, жақсы ағайын.
Табиғаттан дәуірім тартып алған,
Жетісудың теңізі – Қапшағайым!
Ағытасың, қандай сыр, қандай үнді,
Жағаңда жағаны ашып желпінелік.
Аңсап келдім, анам боп маңдайымды
Көк шәйі толқыныңмен желпі келіп.
Туған жұрт арманы асқар, ақылы еділ,
Толқыдым, аспаныңнан көп із оқып.
О, менің ақын елім, батыр елім,
Іле өзенін жіберген теңіз етіп.
Шыдамай дүрсілдеген солқылға мың,
Ашуың арна көміп атылады.
Ақбурыл, ақжал анау толқындарың,
Жартас бүйрін тепкілеп жатыр әні!
Қиял құсым төбеңде қалқып кеткен,
Қарсы алдымнан ашылып түндігі үміт.
Толқыныңда сырғадай жалт-жұлт еткен,
Батқан күннің жалқыны тұрды ілініп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешір, ана

  • 0
  • 0

Кімдер кетіп, бұл өмірге кім келеді,
Тірі жүрмін, өткеріп не күндерді.
Кешір мені, қайран ана, басыңа,
Құламайтын қоймаппын-ау бір белгі?

Толық

Арман, арман!

  • 0
  • 0

Арман, арман!
қалғытпа, алға асықтыр,
Қанатымды қағайын таңға ашып бір.
Онтоғызыншы наурыздың жыр жаңбыры,

Толық

Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт

  • 0
  • 0

Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт,
Жарық аспан жасырады арлы айды.
Келмедің ғой... күтуден көп жалығып,
Жасыл тауым сағынышпен сарғайды.

Толық

Қарап көріңіз