Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік жайлы жыр

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 292
Ақын деген ақының жалған ақын,
Атын айтпа, даңқымен жер жаратын.
Көп шығарып не керек, от шығарған, –
Бір өлеңі болмаса таңданатын.
Дайын тұрған, өмірім, жырсың маған,
Тамшысындай ақ жаңбыр тырсылдаған.
Қатар түзеп барады қайтқан құстар,
Қанатымен көкті есіп сусылдаған.
Қайтқан құстар шертеді бір сыр маған,
Қағысымен қанаттың сусылдаған.
Қалт жібермей бірін де әсемдіктің,
Жазып жатыр төсіне тылсым далам.
Бұл жерде жүйрік те өткен, шабан да өткен,
Ақпады қанша жұлдыз сонау көктен.
Талайлар өтті өмірден шөлін баспай,
Шөл атты кеуделерде алау кеткен.
Боялып сәулесіне таңғы үміттің,
Қиянға қиялымды сан жүгірттім.
Сүйіп-күйіп соңынан таппадым мен,
Қазығы қайда екенін мәңгіліктің!
Қазығын таппай жүрмін мәңгіліктің,
Кеш батса, атар тағы таңды күттім.
Әр жанның көңілінен шуақ іздеп,
Дертке бір сағыныштай шалдығыппын.
Өң түгіл енеді ылғи түсіме өлең,
Өлеңмен жігер жанып, күшіме енем.
Жүрегім жанып тұрған шырақ болса,
Сәулесін жерге түгел түсірер ем!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Армандылар өткен екен аһ ұрып

  • 0
  • 0

Армандылар өткен екен аһ ұрып,
Кеудесінен қайғы көлін сапырып.
Кейінгілер есіне ала жүрсін деп,
Өздерін де тас қып кеткен қатырып.

Толық

Келдің бе, Май!

  • 0
  • 0

Келдің бе, Май!
Толықсып, гүліңді алып,
Бар әлемге ұлы күн нұрын жағып.
Қол ұстасқан қарашы көшедегі,

Толық

Қабағыңды қарама, түйіп маған

  • 0
  • 0

Қабағыңды қарама, түйіп маған,
(Бір көргеннен біреуді сүйіп қалам)
Махаббатсыз жамылған мұз көрпені,
Мұхиттаймын мәңгілік ұйықтаған.

Толық

Қарап көріңіз