Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл тойы

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 251
(толғау)

Жамбыл десем елестеп тау қыраны,
Дауысымен жартастар жаңғырады.
Жамбыл тойы секілді өлең тойы,
Ал, жігітім, қолыңа домбыраны.
Боз үйлерді жазыққа көгендеп шын,
Көз біткенді алыстан елеңдетсін.
Дүрлігіп толқындары Жетісудың,
Жамбыл атам болып бір өлеңдетсін.
Әнші-күйші, ғалым мен ақының бар,
Теңіз болып аспанға атылыңдар.
Жамбыл тойы дегенің өлең тойы,
Шабыт қымыз сабадан сапырыңдар.
Ана сүтін бірге емген өлеңменен,
Ақын десе қазағым елеңдеген.
Сырласы-ау деп Жамбылдың көзін көрген,
Бір шал көрсем иіліп сәлем берем.
Бақыт құсы көңілдің көгіне өрсін,
Шуақ болып сол көктен төгілерсің.
Дүниеге атамды қайта әкеліп,
Топырағы туған жер тебіренсін.
Шашу етіп қырларым төксін гүлін,
Той жырымен жалғасып өтсін күнім.
Даласындай қазақтың Жамбыл жүрек,
Әр кеудеде бұрқанып, соқсын бүгін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таулар, таулар!

  • 0
  • 0

Таулар, таулар, сырларыңа қанықпын,
Тас төбеңнен көтерілер талып түн,
Бітіміңмен қайсарлықты паш еткен
Сен деп білем көкірегін алыптың.

Толық

Қабылдайсың, өзіңше дұрыс бәрін

  • 0
  • 0

Қабылдайсың, өзіңше дұрыс бәрін,
Таныс маған, құрысын, тырысқаның.
«Жапырақтар жел соқса ұрысады»,
Дегеніңе не дермін, «ұрысқағым»...

Толық

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем

  • 0
  • 0

Кімге айтамын, сырымды кімге сенем,
Көңілім ай, үміттен күл көсеген.
Басымды ұрып сол жанның аяғына –
Құлайын ба, күйімді білмесе, мен?

Толық

Қарап көріңіз