Өлең, жыр, ақындар

Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 367
Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем,
Жас өндір жігіттердің көңіл гүлі ең.
Сезімің селк ететін сәл нәрседен,
Аққудың айдындағы көгілдірі ең.
Ақ айдын дір ететін қанатыңнан,
Сұлудан сүйкімді едің дара туған.
Кім білсін кеттің бе екен толып бүгін,
Аспанның нәзік айы ең жаңа туған.
Сол күйі елестейсің досқа әлі сен,
Сыңсыған жағаның көк жас қамысы ең.
Бүлдіріп көп қарасам алатындай,
Мен саған көп қарауға жасқанушы ем.
Әлде бір атқан таңнан бақ сұрадың,
Тасытып арманының ақ бұлағын.
Айттың ба аққуларға қосылып сен,
Бірге айтқан бір кездегі гәкку әнін.
Қатайтты сені бүгін өмір, білем,
Алқызыл таңда ашылған көңіл гүлі ең.
Селк етіп сәл нәрседен жасқанатын,
Аққудың айдындағы көгілдірі ең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сені көріп айрылдым бар еріктен

  • 0
  • 0

Сені көріп айрылдым бар еріктен,
Сенің сөзің мұз жанымды еріткен.
Сұрау салып қыр соңыңнан қалмаспын,
Қайда барсаң, көлеңкеңдей еріп мен...

Толық

Арман, арман о, қандай асқақ еді

  • 0
  • 0

Арман, арман о, қандай асқақ еді.
Көрінеді асқаққа тас та әдемі.
Солып қалар суыққа көңіл гүлім,
Қатарына кәрінің қоспа мені.

Толық

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей

  • 0
  • 0

Жүрдім қанша сүйгенімді сездірмей,
Кездескенде лағып кетем сөз білмей.
Өмір сүрдің, мені мәңгі ыза ғып,
Жерде жатқан қурай ғұрлы көзге ілмей...

Толық

Қарап көріңіз