Өлең, жыр, ақындар

Өлмегенге мінеки, жаз да келді

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 271
Өлмегенге мінеки, жаз да келді,
Толтырып аққуменен қазға көлді.
Өлең менен өмірге ғашық көңіл,
Өтіп кетер мынау шақ, қозғал енді...
Елес бермей тұрғанда күз көзіңе,
Аққулардың қосылшы тізбегіне.
Заманы аумай тұрғанда бұл көңілдің,
Қайтпайсың ба бір барып қыз кезіңе...
Күйіңменен баяғы қозғал, көңіл,
Құлазуды тек саған жазған ба өмір.
Ақ самалмен тағы да сырласайық,
Келе бермес әмісе жаз дәурен бұл.
Ақырғы рет өзіңе қарап үркек,
Жаз құшақта жалындап жанармын тек.
Біз біткен соң мұнда түк болмағандай,
Орнымызды әппақ қар жабар бүркеп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ жүзіме «айнадан» көп қарадың

  • 0
  • 0

Ақ жүзіме «айнадан» көп қарадың,
Өмір деген сияқты көкпар, ағын.
Түс көргендей күй кешіп жол үстінде,
Сағыныштың сары бұлтын бетке аламын.

Толық

Түнгі ай

  • 0
  • 0

Түн қабағы ұқсайды ашулы ерге,
Ару дүние дірілдер,
Баяу ағап.
Жасыл аспан ұйыған жасыл көлге,

Толық

Мені ақын деп білмей-ақ қой, білмесең

  • 0
  • 0

Мені ақын деп білмей-ақ қой, білмесең,
(Көкірегім – жұлдыз толы жыр кесем).
Жыр кесемді быт-шыт етіп кейде бір,
Өз-өзіммен күресіп көп күн кешем...

Толық

Қарап көріңіз