Өлең, жыр, ақындар

Аспан тұман, жер дымқыл

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 275
Аспан тұман, жер дымқыл,
Шығар екен күн қашан.
Кеудемдегі көл күлкім,
Тартылыпты, тыңдасам.
Мұңаяды күзгі бақ,
Бұлбұл ұшып басынан.
Сезіміңді жүз бұрап,
Айтатұғын асыл ән.
Сарғыш тартып жасыл қыр,
Сызылтады ой әнін.
Егіз бұлақ басы бір,
Жоғалтқандай аяғын.
Мұнартады бала шың,
Алқымына шылап бу.
Сабайды үнсіз жағасын,
Ұшпай қалған бір аққу.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген

  • 0
  • 0

Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген,
Айырмадым бір күнімді бір күннен.
Жүрегіме батып уақыт салмағы,
Өзімді-өзім көтере алмай жүрмін мен.

Толық

Құлан қуғандай соңыңнан

  • 0
  • 0

Құлан қуғандай соңыңнан,
Шапқылай берер «жынды» емен.
Ұстама менің қолымнан,
Көрсем де сені үндемен.

Толық

Күзгі сыр

  • 0
  • 0

Көңіл тұман...
арасына ай батқан,
Тірі жан жоқ. Тіл қататын аймақтан.
Тереземе құлап түсті қураған,

Толық

Қарап көріңіз