Өлең, жыр, ақындар

Ауаны жұтам мен еркін

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 253
Ауаны жұтам мен еркін,
Жасқанбай, еркін жер басам.
Жарығын тегін төгер күн,
Төбемнен менің әрқашан.
Сондықтан болар арман көп,
Тонаған бойдан сабырды.
Ешкімнен сұрап алғам жоқ,
Ақуыз бұйра таңымды.
Бұлақ боп таудан басталдым,
Құшуға төсін даламның.
Осынау туған аспанның,
Табиғатынан жаралдым.
Шымырлап бойда жарқын жыр,
Сезімде жанар шырақтай,
Уақыттай жүйрік толқын бір,
Қиялды сүйрер шыдатпай.
Алаңсыз сәби көңілдің,
Ұшырып көкшіл дәптерін.
Айнадай ашық көгімнің
Толтырам жырмен беттерін.
Тірлікпен бірге өрілем,
Тағдрым өзі шыңдаған.
Маңдайдың ащы терімен
Бақытын өмір суғарам.
Кеңдікке осынау таласып,
Бойына бөлек күш дарып.
Көк төсін емер таласып,
Бұтақтан көгім тіс жарып...
Бұлбұлым айтсын жыр ғып тек,
Сарғайып жүрсе санадан.
Қуарсам күзде сырғып кеп,
Жеріме қайта жоғалам...
Еркіндеп бойлап өстім мен,
Еркіндік берген өр үндік.
Алғам жоқ сатып ешкімнен,
Таңымды, жарық жерімді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Сіз ақын болып істейсіз бе?» деген оқушы сұрағынан туған ой

  • 0
  • 0

Керегі жоқ жылы орын, пайда маған,
«Әумесермін» пайдасын ойламаған.
Ақындық қызмет болса,
ақындыққа –

Толық

Ас беріп жатыр

  • 0
  • 0

Ас беріп жатыр,
«аруақ» үшін елімде,
Айып етпе, келіп тұр аз сөз көңілге.
Аға, маған алқа бермей, қамшы бер,

Толық

Туған жер

  • 0
  • 0

Тұншығып кеттім, туған жер,
Желіңді бетке тос, кәні.
Желдей бір ескен жылдармен,
Аласармасын аспаным!

Толық

Қарап көріңіз