Өлең, жыр, ақындар

Операция столында

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 302
профессор Эдельштейнге

Столға келдім жай басып,
Жарама епті қол тиді.
Қуаныш, күдік алмасып,
Толқиды, жүрек толқиды.
Жанарға жас боп ескі үміт,
Өмірдің жандым отымен.
Жыр жазуға бес минут,
Уақыт бер, дәрігер өтінем!
Үлгірмей халім сұрап та,
Кемсеңдеп достар тұр әні.
Жасама дәрігер, бірақ та,
Жырыма операцияны...
Сөзімнен неге жаңылдым,
Қайдасың, дәрігер, жан сақтар.
Жарасын жабық жанымның,
Ақтарып кетті саусақтар...
Өмір-ай, өмір,
сен маған,
Қымбатсың да жұмбақсың.
Бір сағат қазір «дем алам»
Кеудемде тулап жыр жатсын!
Жанарға жас боп ескі үміт,
Арманның жандым отымен.
Жыр жазуға бес минут,
Уақыт бер, дәрігер, өтінем!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алды, ақыры аңдып көптен

  • 0
  • 0

Алды, ақыры аңдып көптен,
Қара жерге жан салды жыр.
Көзін ашып қалғып кеткен,
Ақын жүрегі раушан-ғұмыр.

Толық

Тамшылар

  • 0
  • 0

Ақталып қашанғы арман, қашанғы үміт,
Көзіне сұлу қыздың жас алдырып.
Жығылмай көкке шаншып секіргенде,
Асауды үйретер тек асау жігіт.

Толық

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен

  • 0
  • 0

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл аппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем.

Толық

Қарап көріңіз