Өлең, жыр, ақындар

Қуыршақтар


Қуыршақтың түрі көп әрі әдемі,
Жаулап алар көрген көзді.
Қуыршақпен өстік қой бәрімізде,
Қызық кездер екен ғой еске түссе.

Қуыршақтың түрі көп қазір міне,
Кіргендейсің ертегілер әлеміне.
Анна, Эльза,Аленка, Маша
Толып жатыр жанды қуыршақ дүкендерде.

Немерелер біледі аттарын да,
Менде жоқ Варя, Влад, Саша,-деп,
Көресің іздеп жатқанында,
Балалар дүкенін біледі олар жатқа.

Есіме түседі бір әңгіме,
Қуыршақтарды мен көргенде.
Шет елде сатылыпты аукционда,
Сақталған қоймадағы бар дүние.

Сол кезде ең қымбаты қуыршақ болды,
Лэдидің көзі жасқа толды.
Ұмытылған, қимас алыс кездері,
Қайта оралғандай болып еді.
Көз алдына елестеп балалығы,
Еске түсті әкесінің әперген қуыршағы.

Сондықтан шектемейік балаларды,
Сағынып, болсын дүние еске алатын.
Қалағанын әпереді ата –анасы,
Қалыспайды –ау олардан апасы мен атасы.




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз