Өлең, жыр, ақындар

Қысқы сурет

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3354
Кенеттен қар жауғанда жапалақтап,
Баладай қуандым қол шапалақтап.
Бір әйдік Аяз ата келе жатты,
Мұрты аппақ, кірпігі аппақ, сақалы аппақ.
Кеткендей көңіліне желік кіріп,
Ол мені қырға әкетті еліктіріп.
Қанарлы қыстың барлық қасиетін,
Тұргандай шәлкес мінез жел ұқтырып.
Ақ дүлей бұрқ-сарқ етіп белеңдегі,
Барады мұңым менің тереңге еніп.
Боранның буырқанған мінезіндей,
Осы сәт арбап алды өлең мені.
Бұрқасын бірте-бірте биікке асып,
Ойнайды алқымымнан сүйіп, қашып.
Жондарын желге тосып дөң басында,
Ақ балтыр қайыңдар тұр иықтасып.
Алыстан қарайды олар бойлап маған,
(Айнала тек ақ шақыт ойнақтаған...)
Апшыны аяз келіп қуырғанда,
Көгілдір көктем жайлы ойлап қалам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мықтылыққа үйретіп

  • 0
  • 0

Жар басында жалқы өскен талшыбық,
Тас төбемнен қарайды әркез шаншылып.
Таңда көрсем бір уыс боп тұрады,
Балғын дене мөлдір шыққа малшынып.

Толық

Бір құрбыға

  • 0
  • 0

Қалды ма елде «жүрегің»,
Әйтеуір, құрбым, жүдедің.
Ойларға ауыр батасың,
Көз ілмей ұзақ жатасың.

Толық

Махаббат

  • 0
  • 0

Төбемізден төніп тұрған айға ұқсап,
Жас махаббат, пәк жүрекке жай құшақ.
Кейде ләззат шарабына мас қылып,
Кейде жүрсің көңіліме қайғы caп.

Толық

Қарап көріңіз