Өлең, жыр, ақындар

Тырналар...

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3139
Тырналар көк төсінде тыраулаған,
Барады тастап түрлі сұрау маған.
Ақ бұлттар ақ қағаз да, түзу тізбек,
Өлеңнің жолдарынан бір аумаған.
Тек қана топшы болып сиынары,
Ұшады мойындарын иіп алып.
Даланы бауыр басқан қалай қисын,
Шығады көмейлердің күйі налып.
Жүрсем де төзімімді буып мықты,
Көңілім бұзылуға жуық тіпті.
Хабары кәрі қыстың құс біткенді,
Жып-жылы ұясынан қуып шықты.
Жаутаңдап қимастықпен артына құр,
Шуласып, бір-біріне «айтып ақыл».
Керуендеи алыс жолга бағыт алған,
Тырналар жылы жаққа қайтып жатыр.
Үстімен құс керуені асқан шұбап,
Қалайша тұрады екен аспан шыдап.
Мұңды «әнін» тырналардың естігенде,
Кетеді жанарымнан жас тамшылап...
Жырым бар, көкірегім толы ағын бар,
Құссыңдар, қоштасарда қол алыңдар.
Жыл басы көрінгенде, бірің қалмай,
Қайтадан біздің жаққа оралыңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достарға наз

  • 0
  • 0

Мақтауды да, даттауды да естідім,
Мұның бәрі ескі шаттық, ескі мұң.
Жаным менің жұлмаланып жатқанда,
Қолдың ұшын берген жоқсың ешбірің.

Толық

Күз

  • 0
  • 2

Сұңқылдап, сазды әуенді тауып түрлі,
Қоштасып, көкте аққулар сауық құрды.
Қанаттан ұшып түскен мамықтай боп,
Төбемнен жапырақтар жауып тұрды.

Толық

Қос шумақ

  • 0
  • 0

Мерзімін уәделі істің кешіктіріп,
Мезгілсіз мазалама, есікті ұрып.
Айналса болмас па еді азаматтан,
Айтарын бір-ақ айтар, кесіп тұрып.

Толық

Қарап көріңіз