Өлең, жыр, ақындар

Ұшақтағы көңіл толқыны

Өмір өтіп барады..
Өмір өтіп барады қарамай ақ,
Бала кезгі күніңдей жалаң аяқ
Өмір өтіп барады кідірместен,
Есігіне елудің барам таяп
Өмір өтіп барады тоқтамайды
Күнің жетсе қайғырып жоқтамайды
Іші толған кісіге автобусша,
Түсіп қалсаң есте ешкім сақтамайды.
Өмір өтіп барады ол бір көктем.
Жаның тауып рахаттын жазың жеткен
Күңіренген күзіңді, қысың жеңер,
Маңдайыңнан суығы қарып өткен
Өмір өтіп барады сен бір қонақ
Келдің, жүрдің, қайтасың ісің сол ақ.
Игі іспен амалдар жинай бергін,
Ахиретте өзіңе азық болад!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар