Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік

Құтты болсын 30жылдық тұғырымыз!
Мәңгілік желбіресін көк туымыз!
Бейбітшілік достыққа берік болып,
Әсем әнмен тербелсін бесігіміз!

Бабаларым жете алмаған бұл бақытқа,
Ұрпағы қадірін біл, әр уақытта.
Жастай кетті қаншасы өмір қиып,
"Аламыз" деп тәуелсіздік ұрапағына.

Олар көрген қор күнді ұмытпаңдар!
Жауыздықпен жан тапсырып, зорланған бар.
Желтоқсанның ызғарынан қорықпаған,
Батыр баба жүрегі біздерде бар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз