Өлең, жыр, ақындар

Экспромт

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1860
Қайғы келсе, қабағынан қар жауып,
Ілдіресің қыл мойынға дар бауын.
Түсінгенге бұл жолдарым теңеу ғой,
Нағыз адам болмақ, емес зарлауық.
Ал қуаныш келеді екен жар салып,
Шапағаты, мейірімі қаншалық!
Бұл тірлікте тиесілі тағдырды,
Жүреміз ғой талғамастан қарсы алып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мықтылыққа үйретіп

  • 0
  • 0

Жар басында жалқы өскен талшыбық,
Тас төбемнен қарайды әркез шаншылып.
Таңда көрсем бір уыс боп тұрады,
Балғын дене мөлдір шыққа малшынып.

Толық

Шопан

  • 0
  • 0

Aта кәсіп тy алыстан бас алған,
Бұл күнде оның тұр-мазмұны жасарған.
Шопан болып жүрген құрбы-құрдасқа,
Мен қызыға қарап келем қашаннан..

Толық

Білсең, досым...

  • 0
  • 0

Мейлі, тағдыр салып қалсын маңдайдан,
Мойымаймын, көмейімнен тамбайды ән.
Тұрмағанмен жер тiтipeп, оқ борап,
Өмір деген білсең, досым, қан майдан...

Толық

Қарап көріңіз