Өлең, жыр, ақындар

Сосын

Сосын, айтармын...
Сосын, барармын...
Сосын, сыйлармын сол гүліңді.
Сосын, емделем...
Сосын, жөнделем...
Көңілге келмей тұр ол бүгінгі...
Туысқа сосын ақ барармын,
Алдымда, асуын алар күн.
Анамның көңілі баяғы,
Кейіндеу қоңырау шалармын...

Ертеңге, ерітіп күніңді,
Уақытың сусыды бүгінгі.
Түздегі түзелер тірлігің,
"Сосынның" жолына ілінді.

Кейінге қалдырдың күйіңді,
Бұғаттар бұлқынып түйілді.
Балаңа сүйсініп тұрсаң да,
Сезімге суалттың үйіңді.

Келесі күніңе сенетін,
Көзіңді "күпірлік" көметін.
Сүйсең де тартынып тұрасың,
Сәттерде сезімді төгетін.

Шешімді шығарып бүйірден,
"Сосынмен" өмірің күйінген.
Жаныңның құмары қанбайды,
Жұмыс пен дәулеттен үйілген.

"Сосын" деп өткізген жылдарың,
Жүрекке салады "сұр дағын"
Қазір сүй анаңның жаулығын,
Сағынып, күтетін ұлдарын.

"Сосын" деп сосынға жүгінбе,
Өткенге өкінбе, бүгілме.
Ертеңнен күтетін еселі,
Бақыттың бөлшегі - бүгінде...

#жүректегіжазбалар Алтынай Алиева
9.07.2020



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ой

  • 0
  • 0

Өмірімнің әр сәтінде - ойланам...
Тәуелдіме, таусылмайтын ойға адам?
Ұшқыр қиял дес бермейді дегбірге,
Санам әр кез сансыз ойға тоймаған.

Толық

Жарыма

  • 0
  • 0

Сен менің асыл жарымсың,
Қабырғаң маған бұйырған.
Тілектес жүрек жанымсың,
Құтқарған талай қыйыннан.

Толық

Үлгеру...

  • 0
  • 0

Талпынамыз жақсы өмірді сүруге,
Барлық жанның бабын тауып, жүруге.
Үй мен жұмыс, кездесу мен кептеліс,
Жылап жүріп, үлгереміз күлуге.

Толық

Қарап көріңіз