Өлең, жыр, ақындар

Өмір көшесі

Көшесімен өмірдің жүріп келем,
Ыстығына шарпылған "күйік" денем.
Желдерінен жаураған жүрегіме,
Жақсылықты жылытып жиып келем.

Үндемедім ренжітіп сөйлегенге,
Өкпелеттім өзгені кейде мен де.
Күндерім бар желменен жарысатын,
Кездер болды көнбеген сүйрегенге.

Түзуі мен соқпағын айырмадым,
Қанатымды дауылға қайырмадым.
Жолдарында өмірдің көп сүрінсең,
Қатаюға жақсы деп пайымдадым.

Көшесінде өмірдің күліп келем,
Бірде баяу, бірде тез жүріп келем.
Жәй жүрсем де құладым, жүгірсем де,
Бұрылыстар бөгерін біліп келем...

#Жүректегіжазбалар А.Алиева



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған тілің – тұмарың

  • 0
  • 0

Туған тілмен тербелсінші бесігің,
Бөбегіңнің қазақша айт есімін.
Қандасым-ау, қасиетті басыңда,
«Алтын тəжің» туған тілің несібің.

Толық

Кешіре біл.

  • 0
  • 0

Кешіре біл, жақыныңды, жарыңды,
Сатқындықты, жауратса да жаныңды.
Өткеніңе өкінбеші өйткені,
Пешенеңе бұйырғаны жазылды.

Толық

Жарыма

  • 0
  • 0

Бақытым, барым басұрған,
Сүйдірген жарым жасымнан.
Жылдарым жылжып өтсе де,
Сезімім сөнбей тасынған.

Толық

Қарап көріңіз