Өлең, жыр, ақындар

Салыстыру

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 346
Теледидар көрсетті, кілең қара қайыстай
Күн қақтаған шыжғырып, ересегі талыстай –
түз баласын шалғайдан...
Бар өмірі түзде өткен қазағымнан аумайды, ә!
Түз баласы шалғайда, амазондық аталған,
Ерексің сен, керексің, өспепсің-ау, о талғам!
Жиырма бірінші ғасырда шеру жасап, жылап жүр –
амазондық тұрғындар әр терекке оталған!
Бүгін менің қазағым, өркениет ұланы,
Дүниеге ол төрткүл елең етіп тұрады.
Ауыл – өзі қаладан қалысуға ниетсіз,
Түйе жүндеу салт емес, қошқарың да күйексіз!
Құрт-ірімшік дегенді алсын жасап керектер,
Құрт кептірген өреше, қаңырап тұр сенектер!
Шаңқаяды күн шағып, тал түс мұнда ерекше,
Баяғыда егуші ек әр терезе тұсына
бір-бір түп көк теректен.
Бүгін сая аңсаған жұрт көргем жоқ, рас тек –
Терезесі әр үйдің жалюзілі пластик.
Іздеп келгем ауылды – шықты алдымнан
Тамаша!
Әңгімесі келіннің еш бүкпесіз, жаңаша!
«Құрдас көрем атамды, құрдас көрем енемді,
Мен сыйламай жүргем жоқ,
Өркениет бейімдеп, бізге өздері «теңелді!»
Өркендеуге бет бұрып, ниет қылған көне елді,
жұрдай қылған дәстүрден «өркениет – кемелдік»,
Кім кімдермен теңелді?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ынжық еңсе

  • 0
  • 0

Ынжық еңсе
ұл өсірсе
елге сын,
Ақ жолыңда

Толық

Еділдің жағасында

  • 0
  • 0

Еділдің екі айрылар енді тұсы –
Көп тұрған Астарханда шенді кісі
Жұмабай кластасым. Жағалауда
қарық боп суретке келдік түсіп...

Толық

Бәріміз де жендетпіз

  • 0
  • 0

Таспен жардық бір басты,
Сөзбен жардық бір басты.
Бабам салты көміліп,
Қасиетімді құм басты...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар