Өлең, жыр, ақындар

Тыныштық

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 501
(Тоғжан мен Айсәулеге екі ай бойы үйреніп қалыппын! Олар Душанбеге ұшып кеткенде туған өлең)

Құлаққа ұрған танадай
Орнады келіп тыныштық!
Қыздарым кетіп барады
Жүрекке дәру, тым ыстық...
Сәттісін тілеп сапардың,
Тәттісін тілеп жаһанның,
Қол бұлғап, қала бердім мен
Көңілімді жайлап қасаң мұң...
Жігерден тауып серпіліс,
Алладан сұрап еркін күш.
Еңсемді дереу түзедім,
Тәтті үміт – маған бекініс.
Терезе ашық, күн – шуақ,
Толтырды үйді жарыққа.
Тұрғандай мені жұбатып,
Келер деп тағы, қамықпа!
Толқумен әлі отырмын,
Жанымды билеп сан ырғақ!
Өзімді өзім шақырдым,
Тағат пен төзім, сабырға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәмелі көңіл әлемі

  • 0
  • 0

Түсіпті тасқа тілік,
Тасжарған гүл жарса екен!
Сүлделеп қасқа тірлік
Тағы да күл-пәрше әлем!

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Жұлдыз арман болмай қалды,
Көктен жерге түскелі.
Қол созғандар ұстап алса,
Кепиетті деп пе едің?

Толық

Нағашымның шаңырағы

  • 0
  • 0

Ат әкелер ұл аңсаған әкелер,
Тұяқ қалса, талай жорға мәпелер
Деген үміт үкілеген алдамай,
Ата салтын арман шыңға жетелер.

Толық

Қарап көріңіз