Өлең, жыр, ақындар

Бір сәт

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 606
Күндер бұл – өзім де көп түсінбеген
Қауызын гүлдер әлі түсірмеген.
Жазуын дүниенің дұрыс көрмей
Азуын қайрап жатқан ішімде өлең.

Тағдыр бұл – ысынып бір суып жүрген.
Қайдағы қағындыға жуық жүрген.
Алысып албастымен әлдеқандай,
Оны да оқыс тартып сүріндірген.

Арман бұл – алыс мені жібермеген
Таяқ беріп таяуда жүгендеген.
Жылдарды жамбасыма басып жатып,
Өгейсіп кеткендерін түгендеген.

Өкпе бұл – өмірге көп бұрылмаған.
Білдірмей ішкі құсым шырылдаған.
Ертең-ақ бір қуаныш боп қалар деп,
Болмашы дүниені ырымдаған.

Бақыт бұл – бәрін түннен аршып алған
Ақық бір – көзден көктем тамшылаған.
Қайда-а ,сол жиырма жылдай ұзап кеткен,
Дүбірге дөненімді қамшылаған!..

Сәттер бұл – у еріген таңдайдағы
Кептер күн оңайлықпен қонбайды әлі!
Кезегім, енді менің о, өмірім,
Дәптер бұл – айғыздалған маңдайдағы…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Анашым

  • 0
  • 0

Сағындырып тағы жетті сары күз,
Ақжауынмен езіліп тұр жанымыз.
Алма ағашпен бір балаңдай аулаңда,
Жазмыш қой жылап тұрмыз тағы біз.

Толық

Елегізу

  • 0
  • 0

Қалдырып жылды, қалдырып айды,
Өтеді күндер көңілсіз.
Өлтіріп гүлді, талдырып ойды,
Жетеді түндер өзіңсіз.

Толық

Фариза әпке!

  • 0
  • 0

Сіз келіпсіз...
Ал мен үйде толғанам.
Кімнен көрем бір бақытты қонбаған.
Ылғи екеу боп тұрады жол маған,

Толық

Қарап көріңіз