Өлең, жыр, ақындар

Сәлем жолдап көктемнің кептерінен

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 446
Сәлем жолдап көктемнің кептерінен,
Жыр жазамын Бейнеудің беттерінен.
Алатаудың басынан алып келген
Аппақ қары көңілдің кетті еріген.
Жұпар гүлі жүректің үсімеген,
Тарта берді әдемі түсіменен.
Бейнеу жаққа тағы да барсам деймін
Қалықтаған қанаттың ұшыменен.
Қауырсыны қатайған қанат барда,
Ғашық болдым тау, дала, танаптарға.
Менің асау арманым ақ желкен боп,
Жүзіп бара жатады алаптарда.
Бейнеу, Бейнеу бозарған бозыменен,
Желбірейді жейдесі, созып өлең.
Түн келгенде өзің боп оятады
Бір сағыныш қап-қара көзіменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылымық күн, жетпеді жерге демі

  • 0
  • 0

Жылымық күн, жетпеді жерге демі,
Құстар біткен қанатын сермеледі.
Жауып өтті ақ жаңбыр, тиылмады
Сағынышы жүрегін тербегелі.

Толық

Сапарлар сан қызықты толғап еді

  • 0
  • 0

Сапарлар сан қызықты толғап еді,
Жылы жел қуып жетті жолда мені.
Салқында суық қарға бүріседі,
Жылылық – тіршіліктің ол да лебі.

Толық

Арман-ай, таусылып бітпеген

  • 0
  • 0

Арман-ай, таусылып бітпеген,
Құрақтай көкке бой тіктеген.
Алақан созылса күн іздеп,
Ақ жаңбыр келеді күтпеген.

Толық

Қарап көріңіз