Өлең, жыр, ақындар

Иірім тапты иректері арнаның

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 263
Иірім тапты иректері арнаның,
Арналарға ағыс табу – арманым.
Тұмандарда тау ішінде адаспа,
Топтан озған, темір тұяқ тарланым!
Сен білсең ғой, қанша күттім маусымды,
Саған барар жолдың бәрі таусылды.
Діріл қағып тоңазыдым өзіңсіз,
Жапырағын жел тонаған бау сынды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлқынып, жібін үзді неше күрең

  • 0
  • 0

Жұлқынып, жібін үзді неше күрең,
Бүгінім сәл естірек кешегіден.
Саулаған жапырақтың ортасында
Қыркүйек сағынышты кешеді рең.

Толық

Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген

  • 0
  • 0

Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген,
Жүріп келем мен бір шулы көшемен.
Нені күтіп, кімді көрсем дейді екен,
Дүрсілдейді сорлы жүрек кешеден.

Толық

Қайран менің күндерім, құлаш керген

  • 0
  • 0

Қайран менің күндерім, құлаш керген,
Қанатының қағысы ұласты өрмен.
Жырларымнан жер-жаһан жалау ұстап,
Мекен-жайын бақыттың сұрасты елден.

Толық

Қарап көріңіз