Өлең, жыр, ақындар

Амансың ба, мен бармаған тау беті

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 366
Амансың ба, мен бармаған тау беті,
Амансың ба, диуана күн әулекі.
Қош бол сен де, жайлы тұрмыс, жайлы өмір,
Шулап қалған надандықтың әулеті!
Амансың ба, ізеті мол сарғыш таң,
Армандарым, аманбысың ән құшқан.
Жұдырықтай бозторғай қып аспанға
Жүрегімді ұшырайын ән қысқан.
Қош бол сен де, ақылдылар арттағы,
Қош бол, өмір, бұзылмайтын шарттары.
Жаса мәңгі, ақылсыздық, ессіздік,
Керуеніңе мені қосып тарт, кәні!
Жел ұшады шаштарымды жұлмалап,
Шаш астында ақылым бар мың қадақ.
Қобыраған жел қанатын жайды да,
Ұшып кетті жүрегіме мұң қадап.
Амансың ба, жадау тұрмыс, кедей күн,
Өмір-ана, бүгін саған өгеймін.
Қош бол жұмсақ, мүлгіп тұрған тыныштық,
Жайлы өмірім, сен қайдасың демейін.
Жер бетінің жылысы мен жұмсағы,
Есептесең, шықпайтұғын бір саны.
Көңілімді қобалжытып қойғаны
Күптіліктің толмайтұғын құрсағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ақ жарық келеді. Күшті жарық

  • 0
  • 0

Бір ақ жарық келеді. Күшті жарық,
Айқай салып барады ішті жарып.
Бауыры аппақ қарлығаш топ-тобымен
Қара орманнан топталып ұшты барып.

Толық

Сулар ағып барады ағымдағы

  • 0
  • 0

Сулар ағып барады ағымдағы,
Сулар ақса, өмірді сағынғаны.
Жөңкіледі ақша бұлт жол іздеген,
Жолын бөгеп тентек жел қағынғаны.

Толық

Айгөлек – ән

  • 0
  • 0

Әуезімен алма ағашын гүлдеткен,
Сіздің өнер жолыңыз да бір мектеп.
Үніңізден жапалақтап ақша қар,
Әніңізден жаңбыр жауған дірдектеп.

Толық

Қарап көріңіз