Өлең, жыр, ақындар

Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 794
Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің,
Сөйлегім кеп тұрады кейде менің.
Мен тоқтата алмаймын бұрқыраған
Өмірімнің өміршіл ойлы өлеңін.
Сөйле, сөйле, дүние, мүлгімегін,
Сілкінсінші, жайнасын бір кілемің.
Тозаң басқан тіршілік серпілгенде,
Көз алдымда жадырап күлді менің.
Білеcің бе, бар бақыт қозғалыста,
Тастамайды көрігін тозған ұста.
Жер дөңгелеп, күн аунап, ай домалап,
Қанат қаққан құстарым озды алысқа.
Білесің бе, бар бақыт күресуде,
Күреспесең, қаласың күресінде.
Бақыт та бар, бақ та бар, қуаныш бар
Тағдырыңның тартатын үлесінде.
Аппақ гүлін шашады өрік деген,
Жапырағын жаяды көрікті емен.
Мен осынау ғажайып дүниенің
Ұшатынын қанатпен көріп келем.
Кеш түспей ме, қайтадан таң атпай ма,
Өйткені олар жүреді қанат байлап.
Көбелектер көлбейді көлкіп ұшып,
Жер – дүние буланған жәнатты айда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Татьянаның әні

  • 0
  • 0

Нұрланып махаббаттан шіркін әлем,
Ырғалды ынтызарлық ырқыменен.
Пушкинннің тарантасы барады өтіп,
Қырдағы жатақ ауыл сыртыменен.

Толық

Замандасқа сыр

  • 0
  • 0

Сізге айтамын сырымды, замандасым,
Самал шамдар тербетсе баған басын.
Аппақ сәуле қаптаған кеңістігім
Тоқтай қалып, бұрады маған басын.

Толық

Келдің бе тағы, әз наурыз

  • 0
  • 0

Келдің бе тағы, әз наурыз,
Жаныма менің нұр жағып.
Жүректің терең түбінде
Жылтырап бір от тұр жанып.

Толық

Қарап көріңіз