Өлең, жыр, ақындар

Күн қысқарды, мұң қысқарды, қысқарды

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 594
Күн қысқарды, мұң қысқарды, қысқарды,
Сағынышпен еске аламын құстарды.
Жүрегіме ала алмаған көшіріп,
Табиғаты тамылжыған тұстарды.
Сағынышым сары өзен боп сарылып,
Ағысында қалтылдады бар үміт.
Жәутеңдеген жанартауым тұншықты,
Жүрегімде өз-өзінен жарылып.
Тұтқын болдым оған да бір тірлікте,
Тіршілігім – таусылмайтын бір нүкте.
Мұхиттарды мұңға батқан мұңдық де,
Құмдауытты құмға батқан құрлық де.
Ағыстарым асығумен ағады,
Бетке алумен алыстағы жағаны.
Желаяқ жыл жеткізбеді, қайтейін,
Қайран жасым ып-ыстық боп тамады.
Нені күттім, әлденені күттім мен,
Қайран түннен тұншыққанда, жұттым дем.
Таңдай тұсы талықсыған тақырға
Шарайналы аппақ шатыр тіктім мен.
Тұншыққандар, тұңғиыққа батқандар.
Саған арнап атам дейді ақ таңдар.
Сахараңды самырсындар тұр басып,
Самырсынды сары уайымнан сақтаңдар.
Бәрі қысқа, күлкі қысқа, қысқа өмір,
Тайталасқа түскен есеп үш те бір.
Сатқындықтың сайтандығы сыртта қал,
Жақсылықтың періштесі, ішке кір.
Ұзындықтар қысқалықтан жаралған,
Бақыт болар орындалған бар арман.
Бұл пәнидің келтелігін айтады
Тотықұсым жұмақтағы таранған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күннің көзі тұрғанда жадырамай

  • 0
  • 0

Күннің көзі тұрғанда жадырамай,
Көңілденіп жүрмекші бәрі қалай?
Күз келді деп күрсініп тұрып-тұрып,
Өмір – өзен ағады әрі қарай.

Толық

Шаңқай түс

  • 0
  • 0

О, ғажап, жарқын дала, жарқын дала,
Ұлылық – ұмтылыс бар парқыңда да.
Тірлікке кештеу келіп қалғаннан соң,
Көремін ұлы көштің артын ғана.

Толық

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып

  • 0
  • 0

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып,
Сан соққанда жақсы адамды кеш танып,
Өң мен түстің арасында бір өмір
Өтіп жатыр ұйқылы-ояу есті алып.

Толық

Қарап көріңіз