Өлең, жыр, ақындар

Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 302
Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт,
Құмға батып, қайырлап жатыр бақыт.
Көктем күні күлімдеп тұрады да,
Кенет бұршақ төгеді сатырлатып.
Қаққан кезде қақпалар ашылмаған,
Тұтқиылдан сарғаяр жасыл ғалам.
«Ит орнына шошқа үріп», заман ауып,
Ардақтысын іздейді асыл далам.
Бірақ оны таппайды, аһ ұрады,
Желге ұшады мезгілдің жапырағы.
Шиыр-шиыр таңба бар жартастарда,
Шұңғыл түсті жар басы шақырады.
Қайран уақыт, сенде бір өкініш бар,
Кімді таптың, қайтадан бетіңе ұстар?
Бостандығын бозторғай қадірлемей,
Тор ішінде сайрайды тотықұстар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есігіңді ашып қой

  • 0
  • 0

Есігіңді ашып қой,
Күз боп бір күн келем мен,
Жапырақ боп құйылатын өлеңмен.
Тыныштық боп,

Толық

Төгіліп қыркүйектің нұры көктен

  • 0
  • 0

Төгіліп қыркүйектің нұры көктен,
Ақ қайың мұңаяды сыры кеткен.
Үзілді жапырақтар, күз келді... деп
Айналып кете алмай жүр тірі көктем.

Толық

Арман-ай, таусылып бітпеген

  • 0
  • 0

Арман-ай, таусылып бітпеген,
Құрақтай көкке бой тіктеген.
Алақан созылса күн іздеп,
Ақ жаңбыр келеді күтпеген.

Толық

Қарап көріңіз