Өлең, жыр, ақындар

Үнсіздіктің бөлмесі тымсырайды

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 316
Үнсіздіктің бөлмесі тымсырайды,
Күлімдеген, өйткені, күн сұрайды.
Кібіртіктеп көлеңке кідіріп тұр,
Келе жатқан секілді жыл шырайлы.
Өзендердің өксіді арыны аққан,
Ақтара алмай тұрғанда барын ақ таң.
Сағынышым үзіліп естіледі
Жапырағы қалқыған сары бақтан.
Күркіреген көктемім қайда екен деп,
Кеуделерге қонақтап ай мекендеп,
Жайдарман күн дидарын жылытады
Тырналарым қанатын жайды екен деп.
Жүрегімде жылтырап жарық айна,
Шағылысып қалады барып айға.
Жадау бақтан жүрегі ән сұраған
Жапырағы жанымның жамырай ма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шамы сөнбей тұратын сенегінде

  • 0
  • 0

Шамы сөнбей тұратын сенегінде,
Есіңе алма, не қалды көне күнде?!
Алақандай сенің де үлесің бар
Тіршіліктің тауқімет – елегінде.

Толық

Арман-ай, ақпан айы алқынады

  • 0
  • 0

Арман-ай, ақпан айы алқынады,
Өйткені ақша қары қалқымалы.
Ақша қар дегеніміз өрнектер ғой,
Өрнек те өмір үшін талпынады.

Толық

Ертегі

  • 0
  • 0

Бәрі ертеңде, болашағым ертеңде,
Үмітіңе үкі тағып, көркемде.
Талықсыған тамырына су барсын,
Су құямыз жасыл шыбық өркенге.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар