Өлең, жыр, ақындар

Дүрсілін жүрегімнің есітемісің

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 422
Дүрсілін жүрегімнің есітемісің,
Жанымның ғажап күйді кешкені шын,
Сен мынау көк аспанға алғысыңды айт
Алқынып ақша бұлты көшкені үшін.
Тұяғы жүрдек жылдың зымыраған,
Әйтеуір ел кетпеді ымырадан.
Жайдарман жақсы күндер еске түсті
Гүлдерге су тамызған құмырадан.
Тілдері серпілгенде сағаттардың,
Мезгілге жүрек сырын тағы ақтардым.
Қамыққан күнім қалды қайта келмес,
Қамқалы арасында қабаттардың.
Мың бұлақ сыңғырлаған, сылдыраған,
Бұлақ боп күн кешеді бір күні адам.
Томсарған тоғай неге теңселмей тұр,
Көк тұман көрсетпей ме бұлдыраған?
Келеді тағы бір күн жылылықпен,
Іздеймін өткенімді үңіліп мен.
Шалқарым шалқар сәтін аңсайды ылғи,
Тұншыққан толқынында тығылып дем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман

  • 0
  • 0

Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман,
Құлпырды күн астында жанат ғалам.
Ақ бауыр қарлығаштың қанатымен
Қалықтап барады ұшып алаптағы ән.

Толық

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті

  • 0
  • 0

Хабар күтем сен жақтан жылы лепті,
Жаным жылап, сезімнің гүлі кепті.
Жапырақтар желменен сыбдыр қағып,
Жүрегімнің соғысын дірілдетті.

Толық

Тауға да ұрдың басыңды

  • 0
  • 0

Тауға да ұрдың басыңды, тасқа да ұрдың,
Баспау үшін төбесін басқа қырдың.
Байлығыңды аңдыған дұшпаның көп,
Есігіңді абайсыз ашпа, құрбым.

Толық

Қарап көріңіз