Өлең, жыр, ақындар

Ол – сондай күй

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 186
Рухтың жайын ол айтар – егілесің ал келіп
Жаның толқып жатады, ел түсінбес халге еніп.
Мұң шанақтан шығады үкі таққан – сәнденіп
Ол – сондай күй!

Шертпе күйдің шерінде – ғасыр даусы зор екен,
Сазын ұрлап тыңдаған – тентек, ерке жел екен!
Мұң сімірген – ол әуен – теңіз мінез сел екен,
Ол – сондай күй!

Оны жазған жандардың жаны көкке ауған ғой,
Тылсымдағы саусағы – аспан төсін сауған ғой!

Күміс алқа дыбыстар – хал тілінде жауған ғой
Ол – сондай күй!

Жанның жырын айтады – біз секілді сөйлемей,
Көкке барып қайтады, сезім жүрек ой көмей.
Пора-пора жыртылған дәруіштік жейдедей,
Ол – сондай күй!

Оны тыңдап – лағады, Абыз жаның далаға,
Мұз-кеудені шағады, үні отқа тола ма?
Жанып кетем демесең, қос ішекке жолама
Ол – сондай күй!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Яссауи жыры

  • 0
  • 0

Сырнай үрдім, жырмен, гүл қаптап кетті, айнала,
Дүбірлер, бүгін, той-дала!
Ғашықтығымен жүрек бұршағын ағызған,
Яссауи жыры – қайда да!

Толық

Дала қызғалдаққа шомылып жатыр

  • 0
  • 0

Опа-далабын бұлттардан жағып ап,
Көкжиек қызарды – найзағай соғып ап.
Хош иісі барады- кеудені жарып-ақ,
Дала- қызғалдаққа шомылып жатыр.

Толық

Тағы оянды бір көктем

  • 0
  • 0

Алау таң мен өзеннің – күтіп алдым, күлкісін,
Жүз құбылған, салайын, - тоты жырдың түр-түсін!
Жадыратып, жандарды – самалым кеп, жұлқысын,
Тағы оянды, бір көктем!

Толық

Қарап көріңіз