Өлең, жыр, ақындар

Ақ жауын

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 595
Ақ жауын жауды, ағыл да тегіл,
Кемпірқосақ боп, көңілім егіл.
Күй төкті, жаным, жылаудан іскен,
Себезгі сезім жүрекке себіл.

Ақ жауын жауды, ақтарылды аспан,
Шомылдым нұрға, шақта мұң басқан.
Бұлбұлым есін жыйғандай күйде,
Лала, раушандар бақта гүл ашқан.

Ақ жауын-өмір, төгіліп өткен,
Күйім азалы – егіліп, шектен.
Сұңқылдап, жылап, Иесін іздер,
Аспан боп, бүгін, сөгіліп кеткен.

Ақ жауын – әлем, аңқыды бүгін,
Кеуделерді от боп, шарпыды жырым.
Домбыра-жүрегін күйдіріп жатыр,
Жарығымен есті ап, жан күні бүгін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүние жалған екен

  • 0
  • 0

Мына дүниенің сыртына – шығып кеткелі, мен қашан,
Іздеуді қойған, таныстар – жердің бетіне қонбасам.
Көкжиектегі алауға ілініп қалған – қан-жоса ән,
Дүние – жалған екен!

Толық

Бұл – сұлу муза

  • 0
  • 0

Жанның күлкісі – сыңғыры қандай!
Сыйқырлы дауыс, бұлбұлы қандай!
Жүрегі пәктің әр күні қардай,
Бұл – сұлу муза!

Толық

Сіз берген сырнайды тарттым

  • 0
  • 0

Мұң шағудың соңғы нотасы бұл – Құтыбым,
Аластадым да, жалған дүниенің түтінін.
Бұлбұлым күліп, сыйқырлы, жұмбақ, жұтып үн,
Сіз берген сырнайды тарттым!

Толық

Қарап көріңіз