Өлең, жыр, ақындар

Алтын аспан

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 346
Бір орманды жұтып ап,
Теңселеді, жыр-жапырақ ішімде.
Түн пердесін тұтып ап,
Рухым құбылады, тауыс түсінде!

Тау көтерген басым-ай,
Жасылымнан жүректерге гүл егіп.
Күн өтеді, осылай,
Науқасымнан бір тіріліп, бір өліп...

Толқынымнан шайқатылып, жер жасыл,
Жан-гүлімнен сыңсып кетсе, жақын бақ.
Даусым түнді жарғасын,
Күн шықты да тұрып алды, лапылдап.

Сөніп болғам! Енді Күнмін, мәңігілік!
Азабымнан алтын аспан жасағам!
Көк төсінде жырым тұрар, жаңғырып,
Иманымнан ескерткіш қып, қашаған!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспан жерге моншағын

  • 0
  • 0

Самалдың саусақтары – ауада жыр жазып жүр,
Ей, ақын, қиялдан түс, болдың ба, мұң қазып бір!
Алтын ғасырында – сөздерің тыңдалып тұр,
Аспан жерге моншағын төгіп алды!

Толық

Ей, қазағым, көзіңді аш

  • 0
  • 0

Пәк жүректер мұхиты – толқынданып барады,
Дүниеге қыс түсіп, салқын болып барады.
Тажал – сұмның қолында халқым қалып барады,
Ей, қазағым, көзіңді аш!

Толық

Бір халге кірдім

  • 0
  • 0

Бір халге кірдім, ешкім кірмеген,
Жерде жоқпын, күл денем!
Өзімді көрдім, шындап күлмеген,
Сезімді көрдім, бұрын білмеген!

Толық

Қарап көріңіз