Өлең, жыр, ақындар

Күн болдым бүгін

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 193
Теңіз астын тұншығып, мың шарлағам,
Тар болып, жер-шар маған.
Әлемнен бір сый алдым, ханша алмаған,
Күн болдм бүгін!

Кеудем толы жақұтты кімге берем,
Жарығынан өртеніп, түнде денем.
Ұмытып қап, күлкіні, күлмеген ем,
Күн болдым бүгін!

Ғаріп жүрек көп жылдар жастар төкті,
Садағымен сан орып, қастар кетті.
Жазғандарым жер асып, аспан кетті,
Күн болдым, бүгін!

Түн жегенде, бұл міскін – мұңлық Айды,
Далама кеудемдегі гүлді жайды.
Мені жоқ қып, орныма жырды қойды,
Күн болдым бүгін!

Менің де қуанатын күнім болды-ау,
Өртейтін, бұл құпия сырым жанды-ау.
Бұл – жоғарыдан келген таңдау,
Күн болдым, бүгін!

Менің де жұбанатын сәтім бар ма,
Бақыт құсы маған да жақындар ма?
Көзді ағызар жарық боп, ақындарға
Күн болдым, бүгін!

Мың рет басты тасқа жарып алдым,
Байлығы зор – мұңы мен зары бардың.
Қызғаншақтың оқтарын қағып алдым,
Күн болдым бүгін!
Залымдықтан көз ашпай, сорлы кетті,
Жүрегім – пәктікті іздеп, арлы бопты!
Нұрымменен өртейін, арғы бетті,
Күн болдым, бүгін!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пәкизә көркемім

  • 0
  • 0

Қуанышыма гүл шаштың ба екен,
Ақық, маржаннан жыр шаштың ба екен?
Сенімен нәзік сырластым ба екен,
Пәкизә көркемім!

Толық

Жанымның мозайкасы

  • 0
  • 0

Жанымның мозайкасы
Қызыл-жасыл гүлдерден өрілді ме,
Жарық алып барады, төрімді де.
Тәтті қылып, төгілген шерімді де

Толық

Аққуың болдым

  • 0
  • 0

Жүрекке үкі қадап қойғансың,
Нұрыңмен мені орап қойғансың!
Аспанға содан, қанат жайғам, шын,
Сұлу көлдегі аққуың болдым.

Толық

Қарап көріңіз